Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз өкілдіктеріне биылғы көктемде су тасқынынан зардап шеккен облыстардағы қиындыққа ұшыраған отбасыларға «Қайырымдылық керуен» акциясын ұйымдастыруды міндеттеген болатын.
Осы бастама аясында ҚМДБ-ның Павлодар облысының өкілдігі табиғи апаттан зардап шеккен Ақмола облысының халқына «Павлодар асары» арқылы көмек қолын созуды қолға алып, мамыр айы басталысымен Павлодар өңіріндегі қала, аудан, ауыл мешіттері арқылы азық-түлік жинап, аталмыш акцияға жан-жақты қолдау көрсету ісі ұйымдастырыла бастаған еді.
Ауыл, аудан мешіттері және мешіт жамағаттары, демеушілер арқылы жиналған 20 тоннадан астам азық-түлік (ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, сұйық май қатарлы бұзылмайтын өнімдер) облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешіті ауласына арнайы қойылған жүк көлігіне тиеліп 14 мамыр күні Ақмола облысына жол тартты.
«Еліміздің біраз өңірлерінде жылы маусым басталысымен қасат қарлар жаппай еріп, өзен сулары тасып, салдарынан халық зардап шекті. Айтып келмейтін табиғат апатының зардабын шегіп, қиындыққа кез болған ағайындарымызды қолдап, көп болып көтеріп, демеу көрсету мұсылмандық міндетіміз әрі қазақы салтымыз. Көршісі аш отырып, түтін түтетпеген халықпыз. Алла Тағала ел мен жердің амандығын, тыныштығын нәсіп еткей. Отандастарымызды сабырға шақырамыз, қолдан келген көмекті аянбаймыз. Алла жар болғай!»,-деді өкіл имам Нариман Ермекұлы.
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2017
3162
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру