Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орынбор облыстық мұсылмандары діни басқармасы өкілі Ақжайыққа келді (ФОТО)

15.05.2017 3586 0 пікір

Рамазан айы қарсаңында көрші Ресей елінің, Орынбор облыстық мұсылмандары діни басқармасы басшысының орынбасары Нұр Мұсақаев Ақжайық төріндегі орталық мешітке арнайы келді.

Алла үйіне келген Нұр Ғалымянұлын ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов жылы шыраймен қарсы алып, салихалы ойларымен бөлісіп, ұлық жұмаға жиналған жамағатқа таныстырды.

Нұр Мұсақаев келе жатқан «Рамазан» айымен құттықтап, ақ тілегін білдірді.

Облыс имамы Руслан Тыныштықұлы сөз алып, ислам дініміздің өркендеп, көрші ел арасында тыныштық болып, достықтың ұзағынан болуын айта отырып, «Дін мен дәстүр», «Жұма уағызы (2 кітап)», «Дін мен діл», «Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы»,  «Иман негіздері», «Хадис-ғұрпымыз», сүннет-салтымыз» және т.б кітаптарды сыйға берді.

Келген қонақ жамағатпен бірге жұма намазын оқып, дұға жасады.

  Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру