Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсында білім алып жүрген жастар «Облыстық отбасылық үлгідегі балалар аулында» болып қайтты.
Маңғыстау облысына қарасты мешітте тұрақты түрде қайрымдылық шараларын әр түрлі деңгейде ұйымдастырып келеді. Кезекті шаралардың бірі түрлі себептермен ата-анасынан айырылған, мейірімге мұқтаж бүлдіршіндерге жақсылық жасаумен өтті. Мешіт жастары 50-ден астам балалар тәрбиеленіп отырған арнайы ауылға барып, балалардың көңілдерін көтеріп, олармен бірге ойындар ойнап, қам-көңіл балақайларды бір қуантып әрі оларға түрлі тәттілер мен сыйлықтар табыс етіп қайтты.
Игі шараға мекеме басшылығы дән риза болып, алғыстарын білдірді. Имам Ахмад (оған Алла разы болсын) жеткізген хадис шәріпте сардар Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кім Алла үшін бір жетімнің басынан сипаса, қолы тиіп өткен әрбір тал шашы үшін сауап алады», – деген. Осы қайырымдылық шарасына қатысқан әрбір жанға Алла Тағала мол сауап нәсіп еткей! Әмин!
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.05.2017
3780
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру