Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала имамдары мешіт құрылысына атсалысты (ФОТО)

Мен Муфтият 15.05.2017 3565 0 пікір
Қала имамдары мешіт құрылысына атсалысты (ФОТО)

Өткен аптада ҚМДБ-ның Атырау өңіріндегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы бастаған қала имамдары күрделі жөндеуден өтуіне байланысты іргетасы қайта қаланып, құрылысы енді жүргізіле бастаған Атырау қалалық «Құспан молда» мешітінде қазақы дәстүрмен «Асар» рәсімін өткізді.

Жаратушының рақымы түскен Алла үйінің құрылысына ақ ниет, шынайы ықыласпен жиылған қала имамдары «Асар»  барысында топырақ тасып, ойлы-қырлы жерлерді тегістеді. Сондай-ақ, мешіт ауласында болашақ құрылыстың жүргізілуіне бөгесін болатын артық заттардан тазалап, әріптестік көмек қолдарын созды.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру