Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ РАНТ мүшесі Талдықорған өңіріндегі 3 кездесуге қатысты (ФОТО)

15.05.2017 3762 0 пікір

ҚМДБ-ның РАНТ мүшесі, «Нұр-Астана» мешітінің наиб имамы Қабылбек мырза Әліпбайұлы Талдықорған өңіріне ат басын тіреп, жоспар бойынша алдын-ала ұйымдастырылған 3 кездесуге қатысты.

Атап айтсақ, бесін намазынан кейін Көксу аудандық орталық мешітінің жамағатымен жүздесіп, тағлымы мол насихат айтса,  ал ақшам намазынан кейін Талдықорған қаласы, орталық «Иман» мешітінде уағыз айтып жиналған жұртты бір қуантып тастады. Екі мешітте де дінтанушының уағыз-насихатын тыңдауға жиналған жамағатта есеп болмады, мешіттердің іші адамдарға лық толды.

Сонымен қатар, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес ауыл тұрғындарына да әсерлі насихатын таза ауа, керемет табиғат аясында ерекше түрде жалғастырды. 

Әр кездесу соңында Қ.Әліпбайұлы жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға дәлел бойынша аят хадистермен жауап беріп отырды. Жетісу жұртшылығы келген ұстазымыздың қадамына ақ жол тілеп, айтылған насихатына тәнті болып тарқасты.

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша

 баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру