Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешіті отырғызған ағаштар саны арта түсті (ФОТО)

15.05.2017 3231 0 пікір

Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері мен жамағаты бүгін қалалық сенбілікке қатысып, Елордамыздың көріктене түсуіне тағы да үлес қосып қайтты. Ашылғалы бері қалалық сенбіліктер мен ағаш отырғызу жұмыстарына белсене атсалысып келе жатқан мешіт ұжымы мен жамағатының отырғызған ағаштар саны бұл күнде 500-ден асып жығылады.

«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген халық тағылымын ту еткен ұжым бүгін Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында бас қосып, сауапты қызмет атқарып қайтты. Алдын ала белгіленген аймақта мешіт қызметкерлері мен жамағаты қайың, шыршасы аралас 36 түп ағаш отырғызды.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру