Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал асары Ақтөбеге аттанды (ФОТО)

13.05.2017 3297 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен  Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында  БҚО бойынша мешіттері қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. 

Облыстық орталық мешітінің алдында арнайы көлік қойылып, қалалық мешітінің аулаларында жәрмеңке ұйымдастырылды.

Аудандық мешіттердің барлығы үлкен шараға атсалысты. Орал орталық мешітінің Бас имамы Руслан Сұлтановтың айтуынша, Ақжайық өңірінің жамағаттары өздерінің көмек қолдарын созып, қайырымдылық шарасына белсене араласқан. «Көп түкірсе көл» демекші, азық-түліктер мен киім-кешектер, төсек-орындар мен кілемдер, дәрі-дәрмек, 400 мың теңге шамасында қаражат жиналған.

Кімде-кім жақсылық жасауға ниеттеніп, бірақ жасамаса, Хақ Тағала оны толық жасалған бір жақсылық есебінде жазады. Егер де жақсылық жасауды ұйғарып, әрі оны жүзеге асырса, Алла Тағала сол бір ғана жақсылығы үшін он сауаптан бастап, жеті жүз есеге дейін, тіпті одан да еселеп сауап жазады.

Ендеше, қол ұшын берген иманды жамағаттарға Алла разы болып, екі дүниенің бақыттың нәсіп етсін!

 Нұрлан САМАТҰЛЫ


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру