Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қанат Қыдырмин «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды (ФОТО)

13.05.2017 4441 0 пікір

Қасиетті жұма күні республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жаңа тағайындаулар орын алды. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығымен ұзақ жылдар бойы Ақмола облысының өкіл имамы қызметін атқарған Қанат Қыдырмин «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалды.  

Жұма намазына жиналған жамағатты Бас мүфти бұйрығымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы таныстырып өтіп, жаңа қызметкерге сәттілік тіледі. Сондай-ақ,  өткен аптада Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітіне Бас имам болып тағайындалған Асқар Мұқановтың осы уақытқа дейін атқарған іргелі істеріне тоқталып, білікті маманға Бас мүфти атынан «Алғыс хат» табыстады. Қазақы дәстүрімізге сай иығына шапан жауып, жамағатпен бірге дұға жасап шығарып салды.

Айта кетейік, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы болып тағайындалған Қанат Қыдырмин бұған дейін Ақмола облысының өкіл имамы қызметін атқарып келген болатын. Шымкент қаласындағы халықаралық қазақ-араб университетін (2001), Абай атындағы ҚазҰПУ-нің магистратурасын (2003) және осы университеттің аспирантурасын тәмамдаған. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде оқытушы, кейіннен мешітте наиб имам қызметтерін атқарған.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру