ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазірет Шығыс Қазақстан облысына келген сапары барысында облыстық «Халифа Алтай мешітінде өңір имамдарымен кездесті.
«II Республикалық Имамдар форумында қабылданған құжаттарды жүзеге асыру, оны серпінді насихаттау алдымыздағы келелі міндет болып саналады. Заман талабына сай имамдар әр кез өз біліктіліктерін көтеруі қажет. Бұл бағытта Діни басқармадан атқаралып жатқан шараларға, әрі берілген тапсырмаларға имамдар аса жауапкершілікпен қарауы тиіс» деп, атап өтті, Бас мүфти кездесу барысында.
Кездесу барысында ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имам Ермек қажы Қасболатұлы Бас мүфти хазіретке өңірде атқарылып жатқан шаралар, діни мамандарды қызметке тарту, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу бағытындағы істерді баяндады.
Сонымен қатар Бас мүфти өңірде жасалған жұмыстарды және діни ахуалды саралай келе, Халифа Алтайдың туғанына 100 жыл толуына байланысты Өскемен өкілдігінің өткізіп жатқан шараларына оң баға берді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2017
3174
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру