Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Белгілі ғалым Ислам Жеменей дін қызметкерлеріне дәріс оқыды (ФОТО)

12.05.2017 3767 0 пікір

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі ұйымдастырған ғұлама ғалым Халифа Алтайдың 100 жылдығына арналған шараларға арнайы келген «Халықаралық түркі дүниесін зерттеу орталығының» комитет төрағасы, филилогия ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей ҚМДБ-ның өкіл имамдары мен қызметкерлеріне дәріс оқыды.

«Елбасы рухани жаңғыру туралы баяндамасы ұлттық құндылықтарды жаңғырту, насихаттауға бағытталды. Қазақ тарихы исламмен терең тамырлас. Орта ғасырлық қалаларымыздың барлығын да ислам мәдениеті гүлденді. Ислам мәдениеті руханияттың негізгі өзегі болды. Қазақтың ойшылдары мен ғалымдары алдымен діни біліммен суысындап сауатын ашты. Рухани жаңғыру аясында халқымыздың тарихының ислам руханиятымен тамырластығын терең зерделеу мақсаты тұр. Сонымен қатар имамдар ұлтымыздың салтын сақтап, дәстүрін дәріптеуші, ұлттық құндылықтардың қоғам санасында жаңғыртушысы болуы тиіс. Діни басқарма тарапынан да бұл бағытта тың шаралар жасап жатқандығы қуантып отыр» дей келе, ғалым ислам мәдениеті мен ұлт руханиятынан салиқалы дәріс оқыды.

Шығыс Қазақстан облыстық

«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру