Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері ардагер қарияларды мерекесімен құттықтады (ФОТО)

12.05.2017 3309 0 пікір

Кеше Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті Елордамыздағы ардагер қарияларды зиярат етіп, Жеңіс мерекесімен құттықтап қайтты. Жыл өткен сайын қатары селдіреп бара жатқан қазыналы қарттарымыздың көңілін демдеп, ізгі тілектері мен сый-сияпаттарын тарту етті.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Өткелбаев пен ұстаз Фархат Алтай бастаған топты ардагер қарияларымыз әдеттегідей қуанышпен қарсы алды. Қашанда қал-жағдайын сұрап, қамқорлық танытып келе жатқан мешіт қызметкерлерінің бұл келісі де әдеттегідей емен-жарқын әңгімеге ұласып, өткен күндердің естеліктерімен жаңғырды. Атап айтқанда, «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері бұл жолы Ұлы Отан соғысының ардагерлері Уәлиев Әубәкір, Хафизов Жәлел, Медетбеков Асан аталарымызды зиярат етіп, ақ батасына бөленіп қайтты.

Muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру