Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

“Нұр-Мүбарак” университеті мемлекеттік аттестациядан мүдірмей өтті (ФОТО)

11.05.2017 3434 0 пікір

«5В020600 – Дiнтану» мен «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын, ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарына сәйкес Нұр-Мүбарак университетіне  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім саласындағы бақылау комитеті арнайы мемлекеттік аттестация өткізді. Дінтану мен шет тілдеріне қатысты беріліп жатқан білім деңгейі мен сапасын жан-жақты тексеріп, саралаған комиссия мүшелері университет қызметкерлерінің жұмысын жоғары бағалады. Осылайша аталған қос мамандық бойынша білім беруді жалғастыруға рұқсат берілді.

Университет басшылығы бұл жетістік үшін оқу-әдістемелік бөлімі, кафедралар, оқытушы-ұстаздар мен қызметкерлерге зор алғыстарын білдіріп, сәттілік тіледі.  

Дәл осындай мамандандырылған мемлекеттік аттестация осыдан бұрын “Исламтану” мамандығына да жүргізілген болатын. Оқытушы-профессорлар құрамы, оқу жоспарлары мен бағдарламалары, оқу-технологиялық базалары мен қосымша дәрістер барлығы тексерушілер назарынан тыс қалмақ емес. Сондықтан, бұл мемлекеттік тексерулер «5В020600 – Дiнтану», «6М021500 — Исламтану» мен «5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын, ағылшын-араб тiлдерi) мамандықтарын таңдаушы талапкерлерге “Нұр-Мүбарак”  университетін сеніммен таңдай беруге болатынына кепілдік.

“Нұр-Мүбарак” баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру