Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас имам баспасөз мәслихатын өткізді (ФОТО)

11.05.2017 3950 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Омаров Талғат Сейіткәрімұлы Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі БАҚ өкілдеріне баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатында орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Омаров және облыстық ішкі саясат басқармасы жанындағы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Бақытжан Камалов республикалық форумда қабылданған құжаттар туралы және өңірдегі діни ахуал жайлы баяндады.

Басқосуда көтерілген басты тақырып – жастардың асыра діншілдікке жол бермеуі, бірлікті сақтау, жастардың діни сауаттылығын арттыру жайы болды.

Бас имам Т. Омаров жаназадағы діни рәсімдер, мәйітке қатысты тыйымдар, ас беру кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелерін баса атап өтті. 

«Үздік зият­кер имам» және «Дәстүрлі Ислам – Әбу Ханифа мәзһабы»  атты республикалық форумда қабылданған екі құжат туралы да кеңінен тоқталып, оның маңыздылығын түсіндіріп берді.

 

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру