Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ақтауда қазақ күресінен Бас мүфти жүлдесіне іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

10.05.2017 3650 0 пікір

7 мамыр күні Ақтау қаласындағы «Маңғыстау облыстық қазақ күресі және дзюдо бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 21-ші мамыр күні Алматы қаласында өтетін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен IV Республикалық турнирге Маңғыстау облысы бойынша іріктеу сайысы өтті. Облыс атынан 3 жолдама сарапқа түсті. Аталмыш іріктеу сайысына облыс бойынша 20 спортшы қатысты.

Әнұран орындалып, жарыстың ашылу рәсімінде Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков спортшыларға табыс тілеп, 21 мамыр күні Алматы қаласында өтетін Бас мүфти жүлдесіне арналған турнирге жолдама берілетін бүгінгі іріктеу сайысына белсенділік танытқан спортшыларға алғысын білдірді.

Ресми ашылу салтанатынан кейін балуандар арасында жеребе жасалды. Ережеге сәйкес балуандар жұптарға бөлініп, өзара белдесті. Қазақ күресінің ережесі бойынша тартысты өткен жарыста 3 балуан жүлделі орынды иеленді. Жүлделі орын жеңімпаздарын өкіл имам С.Сейтбеков құттықтап, бағалы сыйлықтармен марапаттады.

21 мамырда Алматы қаласында өтетін Бас мүфти жүлдесіне жолдама алған  маңғыстаулық балуандар:

1 орын – Қанаев Сабыр (Ақтау қаласы)

2 орын – Жаңабаев Мейрамбек (Ақтау қаласы)

3 орын – Мурадов Жоламан (Бейнеу ауданы)

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру