
9 мамыр күні «әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Нұрбол Абсаттарұлы Ұлы Отан Соғысының ардагері Кашеков Жапаш ақсақалдың үйіне зиярат етіп барды.
Майдангер қарияның хал-жағдайын сұраған Нұрбол Абсаттарұлы Бас мүфтидің сәлемін жеткізді. Сондай-ақ, мешіт атынан сый-сияпат тарту етті. Жасы тоқсаннан асса да нық қалпын сақтаған қажырлы қария келген қонақ имаммен емен-жарқын сұхбаттасып, бастан өткерген сұрапыл жылдарды еске алды әрі сол күндердің қайта оралмауын тілеп, батасын беріп, алғыс айтты.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.05.2017
3123
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру