Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстаулық жамағат ақтөбеліктерге қол ұшын созды

10.05.2017 3020 0 пікір

Ақтөбе аймағындағы су тасқынынан зардап шеккен жандарға көмек көрсету мақсатында Діни басқарманың ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» атты қайырымдылық шарасы үлкен қолдауға ие болды. Осы орайда, ҚМДБ-ның Маңғыстау облысына қарасты мешіт жамағаттары ізгілікке үн қосып, қайырымдылық жасауда ерекше белсенділік танытып, жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсете білді. Арнайы азық-түлік тиелген жүк көлігін жөнелтіп, мешіт жамағаттары, Алла разылығы үшін 1 800 000 (бір миллион сегіз жүз мың) теңге көлемінде қаржылай көмек жинап берді.

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің наиб имамы Қажымұхан Қамбарұлы бастаған мешіт жамағаттары өңірден жиналған қаражатты Ақтөбеге арнайы барып, тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсету мақсатында ашылған қорға қолма-қол табыстады.

Осы жалған өмірде қандай да бір игілікті, қайырымды істеріміздің сыйы Алла Тағаланың Жәннаты екенін жадымыздан шығармай, соған амал етуге жазсын. Алла Тағала осындай сауап істе жәрдемдесуді баршамызға нәсіп етсін! Әмин!

 

Маңғыстау облыстық орталық

 мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру