Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу жерінен Қарағандыға «Қайырымдылық керуені» жол тартты (ФОТО)

10.05.2017 3792 0 пікір

Талдықорған орталық "Иман" мешітінен Қарағанды облысына "Қайырымдылық керуені" атты жүк көлігі бағыт алды. Қайырымды іске 100 қап ұн, 100 қап кеспе, 40 литр сұйық май, 93 дана көрпе –жастық, 100 пар аяқ киім және 15 сөмке азық-түлік жалпы саны 3 тонна зат жөнелтілді.

Еске салсақ, су тасқыны Қарағанды облысының барлық сегіз ауданына жайылды. Төрт ауданда  (Бұқар жырау, Қарқаралы, Абай, Шет) табиғи сипаттағы төтенше жағдай режімі жарияланды. Су тасқыны елді мекендердің тіршілігіне зардабын тигізді.

Сауапты іске атсалысып мұрындық болған өкіл имамға, зекет қоры өкіліне және мешіт жамағаттарына Алла разы болғай!

ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру