
"Науан Хазірет" мешітінің ұйымдастыруымен «Қайрат» спорт кешенінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен IV республикалық сайысқа іріктеу өтті.
Шараның ашылу салтанатында Ақмола облысының жаңа Бас имамы Қуаныш Сәбит құттықтау сөз сөйледі. Салауатты өмір салтын насихаттау асыл дініміздің де басты ұстанымдарының бірі екенін атап өтті.
Өз заманында Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) нағыз балуан өз нәпсісін жеңе алған адам екенін айтқан еді. Әлді мұсылман әлсіз мұсылманнан қайырлы екені де айтылған хадис бар.
Осылай боз кілемге дене бітімдері ірі, салмақтары да жоғары балуандар шықты. Бір-бірін ала алмай, теке тіреске түсіп жатқанын да байқадық. Шымыр балуан әдіс-тәсілді жете меңгерген қарсыласына жол беріп, жамбастары жер қауып жатты.
Сөйтіп, екі балуан соңғы сынаққа жолдама алды. Жасұлан Мүсіповтың да шебер балуан екенін білетін едік. Ал, оның қарсыласы қырықтың үстіне шыққан Ерболат Айтхожин тез шаршаса да, қарсыласын ықтырумен болды. Ақыры өздеріне берілген уақытта олар тең ұпай жинады. Енді кімнің жеңгенін белдесу анықтайды. Бұл жол Ерболат Айтхожин қарсыласын кілемнен шығарып жіберді. Бұл жеңіс тойы еді.
Жүлделі үшінші орын Тоқтар Әубәкіровке бұйырды. Жүлделі орын алған барлық спортшыларға ақшалай сыйлықтар мен дипломдар табыс етілді. Алдыңғы төр орынды еншілеген балуандар республикалық сайыстарда өнер көрсететін болады.
Бақыт Смағұл
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.05.2017
3648
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру