Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Павлодар: Бас мүфти жүлдесі үшін IV Республикалық қазақша күрестің іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

08.05.2017 3384 0 пікір

Жастарымыздың санасына ұлттық спортқа деген құлшынысын арттырып, қазақ күресінің дамуына үлес қосу мақсатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін «Қазақша күрестен IV Республикалық турнирге» іріктеу сайысы Павлодар облысы, Шарбақты ауданы орталығында болып өтті.

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатына өкіл имам Исенов Нариман және  Шарбақты ауданы әкімі орынбасарлары, аудандық әкімдіктің жауапты қызметшілері, белсенді азаматтар қатысты.

Өкіл имам аталмыш шараның маңызы мен мақсаты жайында кең көлемде түсіндіріп айта келе: «Күрес халқымызда ежелден қалыптасқан спорт. Сондай-ақ, атқа міну, садақ ату, күрес пен жүгіру шариғатымызда құп көрілген. Ұлттық өнерімізді өрлетіп, жеңіске жетелей берулеріңізге тілектеспін», - деп палуандарға сәттілік тіледі.

Турнирге облыстың  10 аудан, қалалық 6 мешіттен үкілеп әкелген 32 палуан қатысты.

Төрешілер спорт сайысының тәртібі мен ережелерін түсіндіріп, облысымыздың бетке ұстар жаттықтырушылары мен спортшылары, спорт жанкүйерлері Шарбақты ауданында болып,  жарыс барысын тамашалады. Ұлттық спорттық шара қызықты да әділ әрі тартысты өтті.

Сынға түскен палуандар арасынан суырылып шығып үшінші орынды қалалық «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің палуаны Дүйсенбаев пен қалалық «Ар-Рахман» мешітінің палуаны Садулаевтар бөліссе,  екінші және бірінші орын жүлделерін боз кілем иелері «Қызыр» мешітінің палуаны Т.Құдайбергенов пен Қ.Еділовтар қанжығасына байлады.

Жарыс соңында өкіл имам Нариман Ермекұлы өз тарапынан изгі тілегін айта келе, қатысқан спортшыларға алғысын білдіріп, жарыс жеңімпаздарына арнайы медаль, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Алдағы уақытта өңірімізден орын алған балуандар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің ұйымдастыруымен өтетін IV Республикалық жарысқа қатысатын болады. Жерлестерімізге  сәттілік, ақ жол тілейміз.

 

«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру