Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Жүздеген адамның өміріне үміт сыйлайтын шара өтті

05.05.2017 3141 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен Алматы қалалық мешіттерінде «Өмірге үміт сыйла!» атты тегін донорлық қан тапсыру шарасы өтті. Қаланың ең ірі 4 ауданында өткен шара бір айға жалғасын тауып жуырда аяқталды. Акцияның мақсаты қанға мұқтаж адамдарға қол ұшын беру.

Имамдар жұма намазы кезінде мінбеден сөйлеп, адам өміріне арашашы болудың сауабын насихаттап, ниеттеніп келуші жамағатқа алғысын білдірді.

Донорлық акцияны ұйымдастырушы дәрігерлер донор болып, қан тапсырып отыру адамның денсаулығына өте пайдалы екенін айта келе, донор осы әрекетімен өзге жанның өмірін сақтап қалуға да себепші болатынын айтты.  

Қасиетті жұма күні жақсылық жасауға талпынып, сауапты іске құлшынғандардың қатары көп болды. Себебі мұсылман жамағаты әрдайым қайырымдылық, жақсылық жасауға асығады.

Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала Құран кәрімде Бақара сүресінің 160-шы аятында: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оның сыйын он есе қылып беремін»,- дейді. Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннет амалы болып саналады. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасы да зор.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру