
«Ер есімі ел есінде» демекші, ел басына ауыр күн туғанда от кешіп, кең байтақ атамекен – туған жер, Отанымызды қорғаған ерлердің ерлігі ешқашан ескірмек емес.
Осы орайда ҚМДБ-ның Атырау өңірі бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы 9-мамыр Ұлы Отан соғысы жеңісі күніне орай бір топ Ұлы Отан соғысы майдангерлері мен тыл ардагерлерін қабылдап, қаржылай сыйлық тарту етті. «Келер ұрпаққа көрсетер үлгі-өнегесі мол ардагерлер қандай да болсын құрметке лайықты. Өйткені, сіздер – саналы ғұмырларыңызда оққа төсін тосып, отқа қарсы шапқан, ел қорғап, халыққа қызмет ету нәсіп болған жансыздар. Біз сіздер жасаған ерлікке қашан да бас иеміз. Алла Тағала сіздерге амандық, отбасыларыңызға береке бергей», - деді бас имам майдангерлермен кездесу барысында.
Сыйлықты мешіттің азаншысы Арман Урумбаев табыстап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Лайым еліміз аман болып, соғыс өрті төнбесін!
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2017
3793
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру