Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Жеңімпаздарға Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін турнирге жолдама берілді (ФОТО)

04.05.2017 3985 0 пікір

Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін іріктеу сайысы болып өтті.

Аталмыш турнирдің ашылу салтанатына облыстық орталық мешітінің наиб имамы Марат Асанов сөз алып, жиналған спортшылар қауымына сәттілік тіледі.

Бұл күні ұлттық спорт түрі - қазақша күрес жарысына  1977-1975, 1992-1995, 1997-1999 жылы туған балуандар қатысты. Турнир барысында облыстың түкпір-түкпірінен келген жас спортшылар бақ сынады. «Бап шаба ма, бақ шаба ма» дегендей боз  кілемде қара терге түскен балуандар турнир барысында қарсыласынан әдіс айласын асырып, ыңғайлы жағына аударып тастап отырды. Күресуге шыққан жастар арасында шыңдалған шеберлігі арқасында  қарсыласын  небәрі төрт-бес секунд ішінде көз ілеспей көтеріп, кілемге шырқ үйіре аударып тастап,  көрерменді таң-тамаша еткен балуандарымызда болды.

Спорттық іс-шара қызықты да тартымды өтті. 70-75 салмақ бойынша сынға түскен палуандар ішінде 70 келі салмақ бойынша үшінші орынды Алмаз  Ихсанов,  екінші орын Данияр Төлегенов,  бірінші орын Рахымжан Ғұмаров жеңіп алды. Ал, 75 келі салмақта үшінші орын Абдрайым Ғубайдуллин, екінші  орын  Ілес Имашев, бірінші орын  Темірлан Ғаббасов лайықты деп танылды.

Жарыс соңында наиб имамы Марат Асанов өз тарапынан изгі тілегін білдіре келе, қатысқан спортшыларға алғысын білдіріп, жарыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етті.

 Нұрлан САМАТҰЛЫ

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру