
Мереке қарсаңында мың шақырымдық жолды жүріп келген индирлік қайырымдылық керуені діттеген жеріне жетті. Атырау облысы Индир ауданы тұрғындарының жұдырықтай жұмыла ұйымдастырған бұл көмегі Ақтөбедегі су тасқынынан зардап шеккен жандарға арналған болатын.
Діни басқарманың тапсырмасына сәйкес жүзеге асқан шараға аудан тұрғындары түгелдей атсалысып, қолдан келген көмектерін ұсынған. Бірі қаржылай жәрдем берсе, енді бірі азық-түлік, киім-кешек түрінде әкелген. Индир аудандық «Айып қажы» мешітінің Бас имамы Ералы Қамжығалиевтің айтуынша, тұрғындардың қаржылай ұсынылған көмегіне қосымша азық-түліктер алынған. Барлығы жүк көлігіне тиеліп, жексенбі күні жолға шыққан, мешіттің бас имамы бастаған жауапты топ аманатты ақтөбеліктерге дін аман тапсырды.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің бастамасымен қолға алынған «Ақтөбе асары» атты қайырымдылық акциясының аясында үлестірілетін болады. Аталмыш көмекті су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар ғана қажет құжаттарды тапсырып, қолхат жазу арқылы ала алады.
Естеріңізде болса, су тасқыны болған облыстардың тұрғындарына көмек көрсету мақсатында Діни басқарманың бастамасымен «Қайырымдылық керуені» шарасы қолға алынған болатын. Осыған сәйкес Ақтөбе облысындағы су тасқынынан зардап шеккен жанұяларға көмек көрсетіп, тиісті шаралар ұйымдастыру еліміздің Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтау, Атырау, Қостанай, Қызылорда облыстарына жүктелген болатын.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2017
3790
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру