Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстауда ауыл молдалары білім жетілдіру курсынан өтуде (ФОТО)

04.05.2017 4020 0 пікір

Маңғыстау облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен ауыл молдаларына арналған 5 күндік білімін жетілдіру курс басталды. Аталмыш курсқа 15 молда қатысуда. Курстың мақсаты ел арасында молдалықпен айналысып жүрген азаматтардың білімін жетілдіру және діни іс шараларды шариғат талабына сай атқаруына бағдар беру.

Күндік дәріс таңғы 9-дан кешкі 17:00-ге дейін жалғасады. Жалпы қатысушыларға Құран, Тәжуид, Фиқһ, Иман негіздері пәндері бойынша дәріс берілуде. Курста өкіл Смайыл Сейтбеков фиқһ пәнінен дәріс беруде. Алда қасиетті рамазан айы келе жатқандықтан фиқһ пәні бойынша оразаның шарттары мен ережелері бірінші кезекте өтілуде.

Мұндай курстар алдағы уақытта да кестеге сай өтіп тұратын болады.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру