Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: «Отбасы бақыты – ұлт бақыты» атты семинар өтті (ФОТО)

04.05.2017 3729 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде «Отбасы бақыты – ұлт бақыты» атты семинар ұйымдастырылды.

Семинар – жас отбасыларына арналды. Семинарды қалалық «Қалмұхаммед ишан» мешітінің бас имамы Д.Рысбай және орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұстазы М.Гаджиев өткізді.

Жас отбасыларға арналған семинарды орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Т.Омаров ашып берді. Т.Омаров өз сөзінде жанұядағы береке-бірліктің, жұбайлар сыйластығының маңыздылығы турасында насихатын жеткізді.

Қазақ халқы «Жақсы болса, алғаның – есіктегі басыңды төрге сүйрейді, жаман болса алғаның – төрдегі басыңды есікке сүйрейді» деп ер - азаматтың еңсесі биік болуының бір себебін жақсы жар мен жұбайының берекелі болуымен байланыстырған.

Жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, Ислам дініндегі ер мен әйелдің міндеттері турасында сөз қозғалып, ой салған семинар өз дәрежесінде өтті.

Қатысушылар көкейлеріндегі сауалдарына жауап алды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру