Талдықорған қаласы орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен өңірге қарасты аудан, қалалардан іріктелген балуандар арасында қазақша күрестен облыстық іріктеу сайысы өтті. Іріктеу сайысына 8 аудан 2 қаладан үкілеп келген жалпы саны 23 балуан бақ сынасты. Мақсат, орын алған жүлдегерлер Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің жүлдесі үшін IV Республикалық жарысқа жолдама алмақ. Жарыс әділ әрі тартысты өтті.
Аталмыш ұйымдастырылған шара, өз мәресіне жетіп, жарыс қортындысы бойынша 6 балуанға ынталандыру марапаты және 1, 2, 3-орын алған балуандарға Алғыс хатпен бірге ақшалай (15 000 тг, 25 000 тг, 35 000 тг) сыйақы берілді.
Алдағы уақытта өңірімізден орын алған балуандар, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің ұйымдастыруымен өтетін IV Республикалық жарысқа қатысатын болады.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.05.2017
3258
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру