Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам Жетібай ауыл мешітінде уағыз айтты (ФОТО)

02.05.2017 4081 0 пікір

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смайыл Сейтбеков Қарақия  ауданына қарасты Жетібай ауылдық мешітте жұма күні шам намазынан кейін «Ғайбат ауыр күнә» тақырыбында уағыз айтты. Құптан намазына дейін жалғасқан уағыз соңында жамағаттың сұрақтарына жауап берді.

Дініміздегі үлкен күнәлардың бірі, пенде ақысына жататын күнәнің ауыры – ғайбат айту. Хадисте: «Ғайбат айту зинадан ауыр» деген. Мұсылман адам ақыретте өкінішке ұрындыратын мұндай күнәлардан мейлінше алыс тұруы керек. Қаншалықты ауыр күнә екенін білсек те, осы жаман індетті түбегейлі қоя алмай жүруіміз иманымыздың әлсіздігінен деп білеміз. Миғраж түні Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ғайбат айтушылардың қандай азапқа ұшырайтынын көргенін айтқан болатын. Ғайбат тәубемен кешірілетін күнә емес. Себебі пенде ақысына жататын күнә. Пенде ақысын жеген сол жаннан кешірім алмайынша Алланың кешіріміне ие болуы қиын.

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру