Талдықорған қаласы «Қамқор» балалар үйінде орталық «Иман» мешітінің ұйымдастыруымен арнайы шара өтті. Мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндердің көңілдерін көтеру мақсатында өткен шарада өңірдің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы балаларға жылы лебізін білдіріп, ақ батсын берді.
Игі шараға қалалық «Мүшел той» балалар мен жасөспірімдер клубының әртістері қуыршақтармен сахнада ертегілерді сомдап, ән айтып, би билеп бүлдіршіндерді балалық шақтың қайғысыз шаттығына бөледі.
Әрқашан қоғамның назарынан тыс қала беретін қамкөңіл сәбилердің жүзіндегі күлкіні ештеңеге де айырбастап ала алмайсыз. Ондай күйді тек шынайы жүрекпен жасалған қамқорлық қана сыйлай алады.
Аталмыш шара барысында өкіл имам мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерге бағалы сыйлықтар мен тәттілер, дәруменді жеміс-жидектер таратты.
Көңілдері мен көздеріндегі мұңдары бір сәтке болса да серпілген бүлдіршіндер мешіттен келген имам ағаларына рахметтерін жаудырып жатты.
Талдықорған өңірі бойынша
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.05.2017
4514
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру