Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семейде қазақ күресінен IV республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті (ФОТО)

02.05.2017 3707 0 пікір

Семей қаласында қазақша күрестен мешіт жамағаттары арасында Бас мүфтидің жүлдесі үшін IV республикалық турнирге іріктеу сайысы өтті. 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы хазреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен IV республикалық турниріне, Семей өңірі бойынша іріктеу сайысы болып өтті. Іріктеу сайысына қала-аудан, ауыл имамдары мен жамағаттарынан 21 балуан күш сынасты. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбаев Мақсат  қазіргі уақытта Діни басқарманың атқарып жатқан ауқымды іс-шараларын тілге тиек етіп, осы турнирдың қазақ күресіне қосылып жатқан үлес екенін атап өтті. Қатысушы балуандарға сәттілік тілеп, жіңілпаз Алматы қаласында өтетін ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажы хазреттің жүлдесі үшін қазақша күрестен IV республикалық турниріне жолдама берілетінін жеткізді.

Жарыс қортындысы бойынша жеңімпаз 3 балуанға өкіл имам алғыс хат, медаль және сыйлықтар берілді. 

- 1 орын – Салықбаев Қуаныш; 

- 2 орын – Рамазанов Қуаныш;

- 3 орын – Құмашов Азат.

Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру