Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни оқу орындарына шәкірттер дайындалып жатыр (ФОТО)

02.05.2017 3340 0 пікір

Еліміздегі діни оқу орындарына қабылдану үшін де талапкерлерге қойылатын талап қатаң. Шәкірттің шын ниетінен бөлек  араб әліпбиін тануы, Құран оқи алатын қабілетінің болуы әрі аттестат бағасы да бірдей маңызды. Яғни, мұндай жағдайда талапкердің тегін оқуға мүмкіншілігі зор деген сөз. Демек, оқуға ниетті шәкірттерді алдын-ала дайындау қажет.

Осы ретте, Ақтөбе олыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде алдағы оқу жылында діни оқу орындарына түсуге ниет білдірген шәкірттерді оқыту жұмыстары басталып кетті.  Аптаның бейсенбі күнінде басталған сабақтар күн сайын (жексенбіден өзге күндері) асыр мен ақшам намаздарының арасында өткізіледі. Бүгінгі таңда оқуға ниет білдірген он шәкіртке мешіт ұстаздары Нұрбол Смағұлов және Асылхан Темірханов Құран мен араб тілі бойынша дәріс өтуде.

Дәл осындай дайындық жұмыстары әйел шәкірттердің арасында да жүзеге асырылып жатыр. Мешіт ұстазы Диляром Бектаеваның тобында әзірше бес шәкірт бар.

Оқуға түсуге құлықты барша азаматтарды аталмыш сабақтарға қатысуға шақырамыз. Білім алу еш кеш емес.

Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің

баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру