Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттері арасында футболдан жарыс өтті (ФОТО)

02.05.2017 3473 0 пікір

Маңғыстау мешіттерінің жамағаты  арасында шағын футболдан жарыс өтті. Оған аймақ мешіттерінен келген 16 команда қатысып, өзара бəсекеге түсті.

Ақтау қаласындағы Мұнайшы стадионында  өткізілген футбол жарысының мақсаты -  күзде Астанада өтетін республикалық футбол турниріне команда іріктеу.

Жарыс қорытындысында 1-орынды Маңғыстау облыстық орталық мешітінің командасы алса, 2-орынды Шетпе мешітінің жамағатынан құралған команда, 3-орынды Жаңаөзен қаласына қарасты Қызылсай ауылдық мешітінен келген команда иеленді.

Ойынға қатысып, жеңімпаз атанған командаларға қаржылай сыйлық ұсынылды. 1-орынды қанжығасына байлап, кубокқа қол жеткізген Маңғыстау облыстық  орталық мешітінің командасы сыйға берілген қаражатты Ақтөбе қаласындағы судан зардап шеккендерге арналған қайырымдылық қорына берді.

 Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру