Көктемгі қар суының еруінен өзендер ернеуінен асып, бірқатар өңірлердегі елді мекендер су астында қалды. Тұрғындар үй-жайынан айрылып, қиындық кешті.
Осыған орай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіретттің тапсырмасымен су тасқынынан жапа шеккендерге көмек көрсету мақсатында «Ақмола асары» атты қайырымдылық керуені ұйымдастырылды. Аталмыш шараға Көкшетау қаласы мешіттері мен жергілікті тұрғындардан азық-түлік, киім-кешек және қаржылай көмек жиналды. Сондай-ақ мұндай игі шараға Семей өңірінен 356 000 теңге көлемінде қаражатпен көмек көрсетіліп, жиналған барша қаражатқа азық-түлік алынды. Облыс имамы Қанат Қыдырмин бастаған қайырымдылық керуені облыстың Сандықтау, Атбасар және Астрахан аудандарында болып, жүз отбасына арнайы азық-түлік пен киім-кешектер таратылды.
Асыл дінімізде қиындық кезінде адамдарға көмек көрсетудің сауапты іс екені, әрқашан мейірімділік көрсетіп, қамқорлық жасаудың игі амал болатыны айтылған. Бүгінгі бұл акция да соған айқын мысал бола алады.
Ақмола облыстық «Науан Хазірет»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.05.2017
3560
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру