Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: Біліктілік көтеру семинарының кезекті легі аяқталды (ФОТО)

02.05.2017 3303 0 пікір

Ислам діні кең қанат жайған сайын имамдарға қойылатын талаптар күшейіп, дін қызметкерлеріне діни рәсімдерді атқарумен қатар, тартымды уағыз айту, жан-жақты білімімен жамағатты өркениет көшіне бастау, отансүйгіштікке тәрбиелеу сынды міндеттер жүктелуде. Сондықтан дін қызметкерінің кәсіби шеберлігін дамыту, біліктілігін арттыру бүгінгі күннің ең маңызды мәселелерінің біріне айналып отыр.

Осы орайда биылғы 2017 жылы Алматы қаласы, Дін істері Басқармасы, «Сараптама және зерттеу» орталығымен бірлесе  отырып мешіт қызметкерлеріне арналған семинардың кезекті легі болып өтті.

10-24 сәуір аралығында өткен семинарда ҚМДБ-ның білікті ұстаздары дәріс оқыды. Тыңдаушыларға тәжуид ілімдері, дін қызметкерінің этикасы, тәфсир ғылымы, шешендік өнер және бүгінгі отбасылық мәселелер тақырыбында 36 сағат дәріс оқылды.  Ислам дінінде ілімнің орны жоғары бағаланған. Ілім үйрету және үйрену ең сауапты әрі қадірлі іс болып есептелген.

Қасиетті Құранда: «Айтшы, білетіндер мен білмейтіндер тең бе?» («Зүмәр» сүресі, 9-аят), – деп, көзі ашық, білімді адамның тұғыры қашанда биік тұратындығы айтылса, сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде: «Садақаның ең жақсысы – ілім үйреніп, оны басқаларға үйрету» дейді. (Тирмизи, ілім, 7)  

Тыңдаушылардың бұл легі бітіре салысымен келесі легі басталып та кетті.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру