
«Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» дейді халық даналығы. Шынында да, ғасырлар бойы адам баласына жазда сая, қыста қалқа болып жайқалып тұрған ағаштардың тигізер пайдасы ересен. Сап түзеген солдаттардай бір түзудің бойына жайқалған жасыл ағаштардың шаһар көркін арттырып қана қоймай, экологиялық ахуалға да әсер ететіні сөзсіз.
Ардақты Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде де табиғатқа қамқорлық көрсетіп, ағаш отырғызу ісіне баса мән беріліп, мұсылман үмметін сауапты істен құр қалмауға үндейді. Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) парасатынан тағылым түйген бабаларымыздың мұраға мал емес, ағаш қалсын деуі де ұшан-теңіз сауапты білгендігінен болар.
Жыл сайын қала бойынша ұйымдастырылатын сенбілік жұмыстарына белсене қатысатын «Әзірет Сұлтан» мешітінің жамағаты үшін бүгінгі күн сондай сауапты күндердің бірі болды. Мешіт қызметкерлері бастаған ұжым Ш.Қалдаяқов көшесіне бойына жиналып, сенбілік аясында ағаш отырғызып қайтты.







29.04.2017
448
Басып шығару
muslim.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.05.2017
3116
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру