Кеше «Тұран-Астана» университетінің қабырғасында Астана қаласының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Жастар арасындағы өзекті дін мәселелері бойынша іс-шаралар кешені» әлеуметтік жобасы аясында кезекті дәріс болып өтті.
Бұл іс-шарада ҚМДБ жанындағы «Хикмет» телерадиостудиясының директоры Ерболат Айтбайұлы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы, теолог Дімұxаммед Сманов, MUSLIM.KZ сайтының редакторы Мақсатбек Қайырғалиев, сонымен қатар Университет басшылығы көпшілік қауым алдында өздерінің дәрістерін оқып, сөз сөйледі.
Кездесуге азаматтық институттардың, мемлекеттік қызметкерлер, жастар және Университет қызметкерлері, жалпы саны 200-ден астам жан қатысты. Кездесу барысында сарапшылар өздерінің тақырыпқа байланысты баяндамалар жасап, іс-шара қорытындысында ашық түрде сұхбат ұйымдастырды. Сұхбат барысында қазіргі таңдағы жастарды толғандырып жүрген сұрақтары талқыға салынды.
Жобаның негізгі мақсаты жастардың діни сауаттылығын арттыру, ел арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және мәдени құндылықтарымыз бен дәстүрлерімізді насихаттау арқылы қоғамдық санаға ықпал ететін теріс идеялардан сақтандыру болып табылады.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.05.2017
3579
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру