Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

07 Мамыр 2026

20 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

Бас мүфти экстремизм саласына қатысты қайта даярлаудан өткен имамдарға куәлік табыс етті (ФОТО)

28.04.2017 3746 0 пікір

Қоғамға селкеу түсірер жат ағымдар мен әсіредіншілдерге қарсы Нұр-Мүбарак университеті жанындағы «Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институты» екінші түлектерін даярлады. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген имамдар екі ай бойы еліміздің ислам, теология, конфликтология, риторика сынды жамағатпен жұмыс істеуде маңызды білім салалары бойынша білікті мамандардан дәріс алды.

Институттың екінші түлектерін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы орынбасарларымен және “Нұр-Мүбарак” университетінің ректоры, профессор Шамшәдин Керім, Алматы қалалық Орталық мешітінің Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет мырзалар арнайы құттықтап, куәліктерін табыс етті.


Бейресми деректер бойынша қазір елімізде 16 мыңға жуық адам жат ағым жетегінде. Оларды жетегіне ертіп жүрген жымысқы топтың арнайы мақсатты түрде бағытталған айла-тәсілдері барын діни ағымдарға қатысты ғылым саласында жіті айтылады. Тіпті психология мамандары жат сеніммен уланған адамның бетін қайтару үшін жылдар жұмсалатынын алға тартады. Сондықтан қоғам ішінде дендеп жатқан жат ағымдармен күрес мәселесі қашанда  біліммен қатар білікті талап етпек. Осы тұрғыда ең қысқа мерзімде мамандар даярлау уақыт талабы. Осындай мемлекеттік маңызы бар аманатты арқалаған Экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтынан биылғы оқу жылында 20-дан екі түлектер науқаны, яғни  40 шақты имам қолына арнайы куәлік алып, еңбек майданына жолдама алды.

Сондай-ақ, куәлік тапсыру салтанатында басшылық тарапынан имамдардың Мысырдағы Әл-Азһар университеті тағайындаған білім грантына да үміті бар екендігі айтылды.  

   Айша КЕҢЕСБАЙ

“Нұр-Мүбарак” университетінің баспасөз қызметі  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру