Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылжар: балуандар Бас мүфтидің жүлдесі үшін белдесті (ФОТО)

28.04.2017 3287 0 пікір

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақ күресінен IV республикалық турнирдің іріктеу сайысы өткізілді. Оған қатысқан балуандарды ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар»  орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Дүйсенбай құттықтап, сәттілік тіледі.

Тартысқа  толы болған дода отыздай балуанды тоғыстырды. Нәтижесінде қызылжарлық Дәурен Нұрғожин бірінші орынға ие болды. Облыс орталығының тағы бір өкілі – Дулат Алпысов екінші орынды иеленді. Жүлдегерлер үштігін Тайынша ауданының балуаны Шоқан Әлжан түйіндеді.     

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерге  медальдар мен грамоталар табыс етілді. Ең бастысы – осы үш балуан мамырда өткізілетін республикалық додаға  жолдама алды.

Жарыстың соңында «Қызылжар» орталық мешіті сайысқа қатысқан балуандарға ас берді.

«Қызылжар» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру