.jpg)
Жақында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әл-Мұхаммед» мешітінің ұжымы марқұм Ербол қажы Молдахметұлының отбасына ізгілік мақсатында, Алла разылығы үшін, автокөлікті сыйға тартты.
Ербол қажы Молдахметұлы Алматыдағы Ислам институтын тәмамдаған соң, еңбек жолын 1995 жылы Амантоғай ауданында имамдық қызметтен бастаған.
Ол 2000 жылы Арқалық қаласы «Мухтасиб Әл-Мұхаммед» мешітіне Бас имам болып тағайындалып, 17 жыл бойы аталмыш мешітте адал жұмыс істеді. Жергілікті халықтың шынайы алғысына, құрметіне бөленді.
Тағдырдың жазғанына шара бар ма?.. Ол күтпеген жерден сырқатқа ұшырап, 2012 жылдың қазан айында дүниеден өтті. Артында әлі кәмелеттік жасқа толмаған үш ұлы мен екі қызы қалды.
ҚМДБ–ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы өңір имамдарының атынан марқұм Ербол қажының ұзақ жылғы еңбегін ескере отырып, жоғарыда аталған жеңіл көлікті оның отбасына беру туралы ұсыныс жасаған болатын.
Жуырда діни басқарманың төралқа мәжілісінде бұл қолдау тауып, бұрынғы имамның отбасына автокөлік беру жөнінде шешім қабылданды.
Жақында қалалық мешіт ұжымы «Ваз 21154» жеңіл көлікті Ербол қажы Молдахметұлының отбасына табыс етті. Мешіттің алқа мүшесі Мираш қажы Тәшетов Ербол марқұмның отбасы мен бала-шағасына жүрек жарды лебізін білдіріп, намазхан ақсақал Торғайбай қажы батасын берді.
Ербол қажының ғұмырлық серігі Майя Сайлауқызы өз отбасы атынан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұл шешіміне шынайы алғысын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2017
4396
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру