Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Һибатулла Тарази» мешітіндегі мұғжизалы Миғраж басқосуы өтті (ФОТО)

27.04.2017 3271 0 пікір

Республикалық ақпарат-насихат тобының мүшелері Ахмадиев Серікхан мен Жұмағұл Қанат арнайы іс-сапармен Жамбыл облысына ат басын тіреген болатын. Сыйлы қонақтардың келуіне орай, облыстық «Һибатулла Тарази» мешіті өкілдігінің ұйымдастыруымен қала мешіттерінің «Миғраж» кешінің құрметіне ораза ұстаған жамағаттарына ауыз ашар дастарханы жайылды. РАНТ мүшелері Ахмадиев Серікхан мен Жұмағұл Қанат жиналған жамағатпен дастархан басында бірге болды. Жайылған ауыз ашар дастарханына өкіл имам Жұмабаев Данияр қари Құран оқып, сауабын дүниеден өткендерге бағыштады. Дастархан басында тағылымы мол уағыз-насихаттар көптеп айтылды.

Ауыз ашардан кейін кеш қонағы арнайы «Әбу Бәкірдің көрегендігі» атты уағыз айтты.  

Көпшіліктің сұрақтарына тұщымды жауап беріп отырған қос ғалымның білімі мен біліктілігіне риза болған жамағат ақсақалдары батасын беріп, ауыз ашар аяқталысымен, құптан намазын бірге оқуға мешітке қарай беттеді.

 

Жапек Ғалымбек,

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру