Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тараз: Түзету мекемесінде кездесулер өтті

27.04.2017 3364 0 пікір

Арнайы іс-сапармен келген РАНТ мүшесі Ахмедиев Серікхан және «Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы, облыстық «Жалпы және жастар ісі» бөлімінің өкілі Аманбаев Ержан келесі сапарын Тараз қаласындағы жазасын өтеушілердің ЖД 158/1 және ЖД 158/7 түзету мекемелерінде жалғастырды. Экстремизмнің алдын алу, теріс пиғылды ағымдардың жетегінен сақтану жолдары уағыздың негізгі тақырыбы болды.

Ғалымның экстремизм мен лаңкестік әрекеттердің алдын алу жолдары туралы айтқан насихат-уағызын жазасын өтеушілер бір адамдай ұйып тыңдады. Бұл лаңкестік әрекеттердің іске асып жатуының себебі – адамдардың діни сауатының таяз болуынан немесе тіпті болмауынан. Жат ағымды ұстанушылардың айтқанына көніп, айдауына жүре беретіндер де осы діни сауаттылықтың болмауынан екендігін қатаң ескертті. Адам діни сауатын тек мешітке келіп, имамдардан ғана алу керектігін айтты.

Тағдырдың тәлкегімен өмірде қадамын шалыс басып, Алланың жазғанын қоғамнан оқшауланған орында өткізіп жатқан адамдардың өмірінде де бір күні жақсылық күтіп тұрғанын айтты. Дүниесі мен ақшасы көп адам бай емес, рухани бай адам ғана бай және тек ізгі амалдар жасап, Алла разылығы үшін, жоқ-жетімдерге, мұқтаж жандарға қол ұшын беріп көмектесіп тұратын адам нағыз бай адам екендігіне тоқталып өтті. Асыл дініміз исламның құндылықтары  мен қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрі сабақтасып жатқанын да айтып  кетті.

 

Жапек Ғалымбек,

«Һибатулла Тарази» мешітінің наиб имамы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру