
ҚМДБ-ның “Уағыз-насихат” бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі әрі жетекшісі, белгілі исламтанушы Ершат Оңғар Атырау жамағатына үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ғалым, PhD доктор, бірнеше діни кітаптардың авторы Ершат Оңғардың Атырау жамағатымен жүздесу шараларының ұйымдастырылуына ҚМДБ-ның мұнайлы өңірдегі өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы жетекшілік етті.
Мешіт жамағаттары, мектеп оқушылары және ауыл халқымен өткен кездесулер барысында Е.Оңғар ислам мәдениеті құндылықтары, сондай-ақ, қоғамымыздағы жат ағымдардың белең алу үрдісіне тоқтала келіп, олардың ұлттық қауіпсіздігімізге тигізетін ықпалы туралы сөз қозғады. «Діни экстремизмнің аймақтарға таралуына септігін тигізетін бірнеше алғы шарттарды атап өтуге болады. Солардың бірі – халықтың діни сауатының төмендігі. Қоғамның діни радикалдану, яғни іштей ағымға ыдырауының бірден-бір себебі де – осы», – деді.
Жиын соңында исламтанушы жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар беріп отырды.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.04.2017
3791
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру