Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Әбу Бәкір» мешіті балалар үйі жеткіншектерін қуантты (ФОТО)

26.04.2017 4401 0 пікір

 

Қазақ халқында «Жетім көрсең жебей жүр» деген нақыл сөз бар. Жанашыр жақыны, тіреуі болар туысы жоқтың үні де естілмей, мұңы да ескерілмейтіні анық жайт. Бүгінде ата-анасынан айрылғандарға байланысты шешімін таппаған шиеліністі мәселелер тіптен көп. Осындай жетімдерге көмек қолын созуға ҚМДБ-ның Алматы қаласы, Наурызбай ауданы  «Әбу Бәкір» мешітінің имамдары мен жамағаты бірлесе отырып, «Жанұя» балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 80-ге жуық қам-көңіл жетім бүлдіршіндерге қайырымдылық іс-шарасын өткізді.

Балаларға азық-түлікпен көмек көрсетеліп, олармен сұхбаттасып, қызық ойындар ұйымдастырылды. Көздері мұңға толы, ананың аялы алақанын сағынған, тағдыр тауқыметін кішкентайынан тартып келе жатқан бүлдіршіндердің жүздері бал-бұл жанып, бір сәтке болсын өздерін дүниедегі ең бақытты жандардай сезініп, риясыз қуанғандарын көру әрі олардың жүректеріне жылылық ұялату – бір ғанибет дүние болды.

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінің бірінде: "Кімде-кім жетімнің басынан мейіріммен сипаса, қолы қанша шашына тисе,  сонша жақсылық жазылады жəне сонша жаманшылығы өшіріледі", - делінген. Сондықтан да, жетімдерге қамқорлық жасау әр саналы мұсылман жанның міндеті деп білу абзал.

 

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру