
Қасиетті Құранда мынадай аят бар: «Алла – пәк. Мұғжизаларымызды көрсету үшін (Алла тағала) бір түні Өз пендесін (Мұхаммедті) әл-Харам мешітінен төңірегі тұнған береке – байлық – әл-Ақса мешітіне алып келді. Шынында, Ол (Алла тағала) естуші әрі көруші» («Исра» сүресі, 1-аят).
Осы аятта көрсетілген Миғраж түнінің құрметіне Солтүстік Қазақстан облыстық «Қызылжар» орталық мешітінде ауызашар берілді. Күні бойы, Алла разылығы үшін, ауыздарын бекіткен мұсылман баласы кешкі ақшам намазы уақытында келіп, аталмыш мешітте арнайы ауызашарға жайылған дастарханнан ауыздарын ашты.
Ауызашар Құран оқумен басталды. Бұл шараға ҚМДБ-ның СҚО бойынша өкіл имамы, «Қызылжар» орталық мешітінің Бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы қатысып, Миғраж түні туралы уағыз айтты. Дастархан басында тағылымы мол уағыздар айтылып, ауызашар дастарханының соңы ауыл ақсақалдарының бата беруімен аяқталды.
«Қызылжар» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3175
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру