«Әйел бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді», - демекші даналы халқымыз, Ислам діні әйел адамға өмірде ерекше мәртебе береді. Ия, әйел ол – анаң, әйел ол – қызың, қарындасың, жан жолдасың.
Сол себепті де, Жетісу жерінің төрінде орналасқан Талдықорған қаласындағы орталық "Иман" мешітінде әйел жамағатына арналған "Исламдағы әйел дәрежесі" атты семинар-тренинг өтті.
Аталмыш семинарға ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының меңгерушісі, исламтанушы Ахметова Маржан қатысты. Ғалым ислам тарихында ізін ойып қалдырған мұсылман әйелдердің өмір тарихына тереңінен тоқтала кетіп, дінімізге аянбай қызмет етіп, еңбегін сіңірген аналарымыздың өнегелі өмірінен үзінділер айтып берді. Семинар соңында жамағаттың қойылған көптеген сұрақтарына толыққанды жауап берді.
ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3554
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру