
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан қажы Сұлтановтың ұйымдастыруымен облыстық орталық мешітінің жамағаттарына «Миғраж түніне» арналған дастархан жайылды.
Ұлық түнде Орал орталық мешітінің наиб имамы Мұратбек Қыстаубаев "Миғраж түні" жайында уағыз айтып, көпшілікке осынау түннің артықшылығы мен қасиеттерін кеңінен түсіндіріп берді.
Қасиетті түнде нәпіл ғибадаттар жасалынып, сол түн құлшылық жасаумен өтті. Алланың шақыруы бойынша ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір күні түнде Меккедегі «әл-Харам» мешітінен Құдыстағы (Иерусалим) «әл-Ақса» мешітіне апарылып, ол жерде Жебірейілмен көкке көтеріледі. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бес уақыт намазды үмметіне Миғраж тартуы ретінде әкелген. Миғраж оқиғасы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла тарапынан түсірілген ең үлкен мұғжизаларының бірі.
Алла Тағала баршамыздың құлшылығымыз бен дұғамызды қабыл етсін, барша мұсылман жамағат!
Нұрлан САМАТҰЛЫ
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру