Өткен жұмада РАНТ мүшесі Ризабек Батталұлы іс-сапармен Ақжайық өңіріне келіп, мешіт жамағаттарымен жүздесті.
Ұлық күнде Ризабек Батталұлы "Исра және миғраж түні" жайында уағыз айтып, Астанада өткен "Ислам және өркениет" атты ІІ Республикалық имамдар форумы, "ХХІ ғасырдың үздік зияткер имамы" Тұжырымдамасы мен "Ханафи мәзһабы мен матуриди сенім мектебі - Қазақстандағы исламның дәстүрлі жолы" жөніндегі ұстанымның қабылдандағы жөнінде айтып өтті. Басқосуға жиналған жұрттың көптігі сондай, мешіт ішінде ине шаншар жер болмады.
Ризабек ұстаз жиналған қалым жамағаттардың көкейлеріндегі сауалдарына жауап берді.
Нұрлан САМАТҰЛЫ
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3520
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру