
Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Миғраж оқиғасын миләди 621 жылы Ережеп айының 26-сынан 27-сіне қараған түні дүйсенбіде басынан өткерді.
Осыған орай, жыл сайын бұл түнді шын ықыласпен және қосымша нәпіл ғибадаттармен өткізу мұсылмандар үшін дәстүрге айналып келеді.
Миғраж кешінде мешіттерде көптеп құлшылық жасалып, жамағаттарға бұл күннің ерекшелігі барынша насихатталады.
Осы негізде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, қалалық «Айтбай» мешітінде Миғраж түнінің құрметіне арнайы дастархан жайылып, қатысушы жамағатқа «Миғраж түні және оның діндегі орны» тақырыбында уағыз айтылды.
Мешіттің наиб имамы Қайырбек Отызбаев ислам тарихынан ғибратты әңгімелер айтып, сұрақтарға жауап берді. Жамағат бұл кеште барынша құлшылық жасап, мол сауап алуға тырысты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2017
3351
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру