
Ислам діні - салауатты өмір діні. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы әрқашан имамдар мен мешіт қызметкерлерін салауатты өмір салтына шақырып, осы бағытта көптеген шаралардың ұйымдастырылуына ұйытқы болып келеді.
23 сәуір күні Алматы қаласында өткен халықаралық VI Алматы марафонына Алматы қаласы, Алатау ауданы «Рахат» мешітінің Бас имамы Каленов Кенжебек және «Заря-Востока» мешітінің наиб имамы Шиля Жамалиддин қатысты. 20 000-ға жуық адам қатысқан марафонда жүгірістер 3 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырым, эстафеталық «экиден» және 42 шақырым 195 метрлік қашықтықта өтті. Имамдарымыз 21 шақырымдық қашықтыққа сәтті жүгіріп өтті. Айта кетейік, Каленов Кенжебек осы марафонға 3-мәрте қатысып отыр. Қатысушылар арасында қарапайым қала тұрғындары, белгілі спортшылар мен кәсіпкерлер, жоғары оқу орындарының, Алматы әкімдігінің өкілдері және басқа көптеген мекемелердің қызметкерлері бар. ҚР Тұңғыш Президенті саябағынан бастау алған марафон Орталық стадионда аяқталды.
Жүгіру денсаулыққа өте пайдалы, әрі жеңіл спорт түріне жатады. Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет халықаралық дәрежедегі осындай жарыс түрлеріне дін қызметкерінің қатысуы басқа имамдарға да үлгі боларлық іс екендігін айта келе, марафонға қатысқан имамдарға өз ризашылығын білдірді.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2017
3560
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру