.jpeg)
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Құранмен нұрланады өмірің» атты рухани кеш өткізілді.
Қасиетті Құран Кәрімде: «Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп, оны басқаларға үйреткендерің», - деп айқын айтылғандай, шара барысында Құран оқудың маңызы мен артықтықшылықтары, Миғраж түнінің ерекшелігі кеңінен сөз болды.
Рухани кеште діни көріністер көрсетіліп, діни әндер орындалып, арнайы бейнероликтер де көрсетілді.
Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шараның тағы бір ерекшелігі – шәкірттер арасында үздік білім алып, Құранға түскен аруларымызға арнайы тәж кигізілді.
Шара соңында дастархан жайылып, «Әйелдер-қыздар» секторының Қызылорда облысы бойынша жетекшісі Файзуллина Марал барлық қатысушыларға алғысын білдірді.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
![]()
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.04.2017
3286
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру