Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қызылорда: Бас мүфтидің кубогіне арналған облыстық жарыс өтті (ФОТО)

24.04.2017 3216 0 пікір

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін қазақша күрестен іріктеу жарысы өтті.

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен өткізілген жарысқа облыс бойынша барлығы 20 үміткер бақ сынасты. Қызықты да тартысты өткен жарысты осы саланың мамандары, спорт саласының қазылары саралады.

Жарыс қорытындысы бойынша,  І және ІІ орындарды Қармақшы ауданынан келген Абдуллаев Нұрлыбек пен Баймаханов Марат сынды палуандарымыз иеленді.

Ал, ІІІ орын орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің атынан шыққан Абдуллаев Ержанға бұйырды.

Жарыста жүлделі орын алған палуан  Бас мүфтидің кубогіне жолдама алды. Қатысушылар арнайы алғыс хатпен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»

мешітінің баспасөз қызметі

          


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру